Өскеменде дәстүрлі мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада басталды. Жарыс қатысушылары үстел теннисі, волейбол, суда жүзу, шағын футбол және гір көтеру спортында өзара күш сынасатын болады.Шараның мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттап, мемлекеттік қызметшілерді спортқа баулу.Спартакиадаға қалалар мен аудандардың, облыстық және аумақтық департаменттердің мемлекеттік қызметшілері қатысады.

Спартакиадаға 500-ден астам мемлекеттік қызметші жиналды. 12 әкімдік пен 15 облыстық басқармадан жиналған қатысушылар өзара кім мықтыны анықтайды.

Шараны ұйымдастырушылар мұндай бей-ресми кездесулерді жиі өткізу қет дейді. Себебі, осы сынды сайыстар мемлекеттік қызметшілердің бірлігін арттырады.

Спартакиадаға Зайсан ауданының намысын арқалап келген мемлекеттік қызметшілер бізге керегі тек жеңіс дейді. Себебі, олар 2022 жылы өткен сайыста үздік атанған.

Спартакиадада үздік нәтиже көрсеткен мемлекеттік қызметшілер шілде айында Ақтөбеде өтетін Республикалық сынға жолдама алады.