Өскеменде «Jastarmen birge» семинары өтті. Шараға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары Олжас Сүлеймен, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айсұлу Ерниязова қатысты.Мақсат – белсенді жастарды қолдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, аймақта мемлекеттік жастар саясатын іске асыру.

“JASTARMEN BIRGE” диалог алаңы - жастар мен жас көшбасшылар арасындағы еркін форматтағы, түрлі тақырыптар қозғалатын шара. Арнайы шақырылған қонақтар, өмірлік тәжірбиелерімен бөлісті.

Облыстық жастар ресрустық орталығының ұйымдастыруымен өткен шара екі күнге созылады.

Шара соңында өңір жастары спикерлерге өздерін толғандырған мәселеге қатысты сауалдарын жолдады.