«Таза Qazaqstan» республикалық жалпыұлттық акциясы «Таза бейсенбі» жобасымен жер-жерде жалғасты. Бүгін «AMANAT» партиясы мүшелері, белсенді жастар, кәсіпкерлер бастаған топ Опытное поле ауылында тазалық шарасын ұйымдастырды. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі іске халықтың ықыласы бөлек, белсенді, дейді басы-қасында жүргендер. Айта кетейік, енді мұндай акция әр апта сайын өткізіліп отырады.

Сенбілікке жүзден астам адам жиналды. Қарапайым тұрғындар, мәслихат депутаттары, зейнеткерлер де бар. Бір сөзбен тазалық пен тәртіпті қолдайтын белсенді азаматтар топтасты. Тазалық жұмысынан шет қалмайтын жанның бірі Мадияр Оралдинов. Ауданда жеке кәсібін дөңгелетіп отырған жігіт үнемі белсенді. Жалпы, ауыл кәсіпкерлері сенбіліктерде техника әкеліп, саймандармен қамтып, үнемі атсалысып жүретіндерін айтады. Тазалыққа шыққан барлығымыздың мақсатымыз ортақ – елді мекеннің көркін бұзбай, таза ұстау, дейді. 


Қоршаған ортаға бейжай қарамайтын, ауылына шын жаны ашитын тұрғын – Ақан Елшібаев. Жасы сексенге таяса да ақсақал жақсы шаруаға жастарды бастап жүреді. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы кейінгілерге құр ақыл айтып қана қоймай, өзің де үлгі бола білу керексің, деген пікірде. 

Елді мекеннің көркін келтіретін орталық көше мен алаң, саябақтар мен аллеялар қоқыстан тазарды. Тұрғындар аялдамалар мен ағаш діңдерін сырлап шықты. «Әр көше мен ауланың тазалығы маңызды. Тазалық – мәдениет, тәрбие белгісі. Айналып келгенде әр азаматтың парызы, деп түсіну керек деген ойда сенбілікке қатысқан «AMANAT» партиясының өкілдері.

Экологиялық акцияда атап өткен арнайы карта аса маңызды. Соның негізінде ластанған учаскелерге тазалық жүргізіледі. Тұрғын аудандар, жол бойы мен түрлі әлеуметтік нысандар аумағында жұма сайын сенбілік өтеді.