Облыс орталығында BMX-Classic бойынша велоспорттан «Алтын Алтай» республикалық жарысы өтті. Сайысқа 100-ден астам жас спортшылар қатысып, өз ара бақ сынасты.

Республикалық веложарыс бірнеше кезеңнен тұрды. Әр кезең өзінің күрделілігімен ерекшеленді. Сайыста спортшылар аз уақыт ішінде жақсы нәтижеге қол жеткізуі тиіс. Бұдан бөлек, қатысушылар «Самал» саябағындағы жарыс велотрегінде дайындалып, шыңдалды.

Жарысқа қатысушылар жас ерекшелігіне байланысты сынға түсті. Аталмыш спорт түрінен өткен сайыс тек өңірдің ғана емес, елдегі велоспорттың дамуына сеп - дейді ұйымдастырушылар.

BMX-Classic республикалық жарысына Өскемен мен Риддер қаласының үздік спортшылары қатысты. Олар облыстық жарыстардың жүлдегерлері.

Жарыс соңында жеңімпаздар арнайы грамоталар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.