Өскеменде «Crystal fashion day» сән қойылымы өтті. Көрсетілімге төрт пен отыз жас аралығындағы сән моделдері, дизайнерлер қатысты. Сән қойылымы шығармашыл жастарды біріктіріп, сән әлеміндегі жарқын туындыларды көпшілікке ұсынды.
«Crystal models uka» - Өскемендегі лицензиясы бар алғашқы модельдік агенттік. Мұндағы сән модельдері «Kazakhstan Fashion Week» және «Eurasia Fashion Week» сән апталығына тұрақты түрде қатысып отырады. Сондай-ақ, ұжымдық топ Тәжікстанға, БАӘ –не, Түркияға және әлемнің басқа елдеріне жұмыс сапарымен үнемі барып тұрады.
Шарада сахналық костюмдерден бөлек, түрлі-түсті идеялық туындылар да көрермен назарына ұсынылды.
Шарада «CRYSTAL MODELS UKA» негізін қалаушылар «Ел таңдауы» сыйлығында үздік агенттік ретінде марапатталды.