ШҚО әкімі Ермек Көшербаев пен «Казцинк» ЖШС өкілдері ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандум аясында биыл өңірде әлеуметтік жобалар жүзеге асырылады. Осы бастамаға «Казцинк» кәсіпорыны 1,5 млрд. теңгеден астам қаражат бөлуді жоспарлап отыр.

Биыл аймақта бірқатар инфрақұрылымдық жобалар іске асырылады. Жобаға бөлінген қаражатқа аурухана, мектеп, мәдениет ошақтары, спорт алаңдары салынады, жаңа техникалар сатып алнады.

Меморандум аясында облыстық аурухана, «Ана мен бала орталығына», Алтай мен Риддердің медициналық және білім беру мекемелеріне жаңа жабдықтар беру көзделіп отыр. Сондай –ақ, Серебрянскідегі су құбырларын ауыстыру, Алтайдағы мәдениет үйін жөндеу жұмыстары жоспарда бар.

Облыс әкімдігінің өкілдерімен швейцариялық «Вartholet» компаниясы да өзара меморандумға қол қойды. Жоба аясында облыс орталығында аспалы трамвай қызметі іске қосылмақ.

Мамандардың айтуынша, аспалы көлік тәулігіне 15 мың адамға дейін тасымалдай алады. Жоспар бойынша құрылыстың бірінші кезеңі 2026 жылы басталады.