Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жыл¬ға дейін ауыл халқын сапалы ауыз су¬мен толық қамтамасыз ету маңызды екенін атап өтті. Бұл ретте облыс халқының қолын тіршілік көзіне жеткізуі үшін жалпы сомасы 17,5 миллиард теңгені құрайтын 16 жоба жүзеге асады. Оның жартысы биыл толығымен орындалуы тиіс. Бүгінде бұл жұмыс жоспарға сай жүйеленді. Мәселен, Глубокое ауданы Малоубинка ауылда 2021 жылы басталған жұмыс аяқталуға жақын. Бүгінде облыс бойынша 117 шағын ауылда блок-модульді су тазарту станциялары орнатылған. Оның 12-і Глубокое ауданына тиесілі. Ал 800 жуық халқы бар Малоубинка ауылы көп ұзамай сапалы ауыз сумен қамтылады.