Отандық өнім өндірушілерді қолдау қажет.Әсіресе, қалдықсыз, жаңа технологияны қызмет барысында жемісті қолданатын кәсіпорындардың әлеуетін арттыру маңызды. Өскеменде жер үй құрылысы мен ішкі әрлеу жұмыстарына аса қажет жоңқа тақталар өндірісімен айналысатын зауыт бар. Кәсіпорынның экологиялық таза өнімі жоғарғы сұранысқа ие. Зауыттың тыныс-тіршілігімен арна тілшілері танысып қайтты.
Өндіріс орны заманауи қондырғылар, құрал-жабдықпен толық қамтылған. Бұл кәсіпорын санға емес, сапаға жұмыс істейтін көрінеді. Мекеме басшылығы жаңа технологияны жұмыс барысында шебер қолданып келеді. Бұл жандардың жұмысы бүкіл Шығыс Қазақстан тұрғындары үшін өте маңызды. Себебі, табиғи таза өнімге деген сұраныс күннен-күнге артып келеді.
Жұқа жаңқадан жасалатын тақталарды өндірудің бекітілген технологиясы бар. Оны берік ұстану маңызды. Сонда ғана тұтынушыға жоғары сапалы, ұзақ қызмет ететін экологиялық таза материал жетеді. Кәсіпорынға шикізат уақытылы жеткізіледі дейді мұндағылар.
Зауыт өндірісте пайда болған қалдықтарды қайта өңдейді. Қысқасы, кәсіпорын ешбір қалдықсыз, қоршаған ортаға зиян келтірмей жұмыс істейді.