Өңір кәсіпкерлері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы және Қазақстан республикасы шекарасы арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге жеткізілетін арнайы тауарларды өткізу тәртібі мен заңда көрсетілген нормалар туралы арнайы жиынға қатысты. Арнайы тауарлар тізіміне не кіреді, заң бұзушылықтар үшін қандай санкциялар қарастырылған? Тілші баяндасын.
Дөңгелек үстелге мемлекеттік кірістер комитеті, «Атамекен» ҚР ҰКП, аумақтық жауапты мемлекеттік органдар өкілдері қатысты. Басқосуда арнайы тауарларды шекара арқылы өткізуге қатысты мәселелер талқыланды. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері ұлттық және халықаралық қауіпсіздікке қатысты тақырыптың күн тәртібінде тұрғанын атап өтті.
Берік Карисов өз сөзінде арнайы тауарлар туралы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік қана емес, қылмыстық жауапкершілікке тарту да қарастырылғанын айтты. Анықталған бұзушылықтардың ішінде, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен криптовалюта майнингіне арналған жабдықтарды тасымалдау бар. Осы бағытта азаматтарға қандай да бір көмек немесе түсіндіру жұмыстары қажет болса «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүгінуге болады.
Семинарға ШҚО – нан бөлек Абай облысынан да мамандар қатысы. Барлығы түрлі салада істейтін 160 адам. Шара бір уақытта офлайн және онлайн форматта өтті.
Тауарлардың экспортын, импортын немесе транзитiн жоспарлайтын жеке және заңды тұлғалар оларды арнайы тауарлар тiзбесiне сай сәйкестендiрудi жүргiзуге мiндеттi. Сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайда, олар қорытынды алу үшін Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне жүгіне алады. Сәйкестендіруге өтінім Е-лицензиялау порталы арқылы беріледі.