Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының құрылғанына биыл 55 жыл. Мерейтойға орай ұйымдастырылған салтанатты шараға облыстық мәдениет басқармасы, салалық мекеме басшылары, өлкетанушы-жазушылар мен кітапхананың оқырмандары қатысты.
Бүгінде бұл кітапхананың екі мыңға жуық тұрақты оқырманы бар. Олардың тең жартысы - көзі нашар көретіндер. Мекеме қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етілген. Заманауи құрылғылары да бар. Бұдан бөлек, мұнда шығармашылық студияда жұмыс істейді.
Алдағы уақытта кітапханада бірнеше жобаны іске асыру көзделіп отыр. Соның бірі - дыбыс жазу студиясы..
Кітапхана оқырмандары үшін бар жағдай жасалған. Мұндағы құрылғылардың көмегімен тек әріптерді үлкейтіп қана қоймай, оқуға ыңғайлы түсті де таңдап алуға болады. Бұдан бөлек, көз жанары семіп бара жатқан адамдар түрлі журнал мен кітаптарды әріптерді үлкейтетін әйнегі бар компьютердің көмегімен оқи алады.
Мерейтойға орай келушілер назарына бірнеше көрме ұсынылды. Онда кітапхана тарихы жайлы ақпарат ұсынылған.