Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерлан Саиров пен Ұлықбек Тұмашинов Шемонаиха ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аудан халқы өздерін толғандырған мәселелері жөнінде сауалдарын қойды.

Шемонаиха ауданындағы басты мәселенің бірі - жол сапасы. Биыл Өскемен-Шемонаиха бағытының 93 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Оған бюджеттен 10,3 млрд теңге қаржы бөлінген.

Мердігер «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы.

Бұдан бөлек, аудандағы медицина саласы да сөз болды. Себебі, аудандық аурухананың жағдайы көңіл көншітпейді. Сондықтан нысан жөндеуді қажет етеді.

Кездесуден соң халық қалаулылары «Жайыл мектеп» жобасы аясында құрылысы басталған 300 орындық білім ошағына барды. Кейін аудандағы кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысты.