Мәжіліс пен Сенат депутаттарының өңірлерге іс - сапары жалғасып жатыр. Шығасқа ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аян Зейнуллин келді. Депутат «Майлы дақылдардың тәжірбиелік шаруашылығы» ЖШС ұжымымен кездесті. Халық қалаулылары тұрғындарды толғандырған мәселелерге құлақ түріп, жергілікті биліктің сол мәселелерді шешуіне ықпал етпек.
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Аян Зейнуллин серіктестік қызметкерлерімен кездесуде Президент тапсырмалары мен сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы жайында сөз етті. Бұдан бөлек, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға бағытталған бағдарламаларды тілге тиек етті. Аян Зейнуллин шығыста қоршаған ортаны қорғау мәселесі өзекті екенін айтады.
Шығыс Қазақстан облысы - шырайы мен көркі кірген аймақтардың бірі. Мұнда ауыл шарашылығын дамыту ісі қарқынды. Әлеуметтік жағдайдың барлығы жасалғандықтан, тұрғындар аталған саланы дамытуға белсене кірісе бастады. Жалпы облыста соңғы жылдары егіншілікпен айналысатын азаматтардың қатары артқан. Себебі, ісін бастағандардың қадамын ілгерілетуге мемлекеттен қолдау көп. Дегенмен, түйіткілді мәселе де жоқ емес. Аймақтарды аралап жүрген халық қалаулылары жергілікті жердегі проблемаларды осындай кездесулер арқылы шешпек.
Ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек көлемі де анағұрлым артқан. Аймақтарды аралап жүрген депутаттар тұрғындармен кездесу аясында көтерілген мәселелерді шешу жолдарын қарастырмақ.