Облыстық мәдениет басқарамыс ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқау шарты бойынша қатысушылар мемлекеттік тілді насихаттауы қажет. Сайыс жүлдегерлері арасында «Алтай» телеарнасының тілшілері де бар.

БАҚ өкілдері арасындағы байқау жыл басында жарияланды.

Мақсат - мемлекеттік тіл мәртебесін артырып, журналисттердің мақалалары арқылы қоғамның санасын жаңғырту.

Байқау үш номинациядан тұрды. Онда «Үздік мақала», «Үздік теле және радиобағдарлама» және «Үздік сайт мақаласы». Әділ қазылар алқасының шешімімен «Үздік мақала» номинациясы Қымат Мұхамадиева және Мейрамтай Иманғалиға бұйырды. «Үздік сайт мақаласы» номинациясында Талғатжан Мұхамадиев пен Әділхан Есімханов үздік деп танылды. Ал «Алтай» телеарнасының редакторы Қарақат Жақсылыққызы «Үздік теле және радиобағдарлама» номинациясын жеңіп алды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар арнайы мадақтама қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.