Қазақстан Республикасының қаржы вице- министрі Ержан Біржанов өңірдегі кәсіпкерлермен кездесті. Кездесуде Ержан Ерікұлы жаңа Салық кодексі жобасындағы негізгі өзгерістер туралы сөз етті. Бұдан бөлек, кодекс жобасындағы шағын және орта бизнеске қатысты тұстарына тоқталды. Жаңа Салық кодексінде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін жеңілдіктер де қарастырылғаны айтылды.
Кездесуде қаржы вице- министрі Ержан Біржанов жаңа Салық кодексін әзірлеудегі негізгі бағыттар мен жалпыға бірдей декларациялау және жеке тұлғаларды банкрот деп тану рәсімі туралы айтты.
Шағын және орта бизнес өкілдері көтерген мәселелер үнемі министрлік назарында. Айтылған ұсыныстар кезең-кезеңмен шешімін табатын болады. Жаңа Салық кодексінің де көздеген мақсаты сол. Кәсіпкерлерге барынша қолдау көрсету.
Жиында аймақ тұрындары мен кәсіпкерлер өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды.
Кездесуде айтылған барлық ұысыныстар салық заңнамасын қабылдау кезінде пысықталып, қаралатын болады деді қаржы вице-министрі.