Облыс әкімдігінде мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту жүйесін дамыту, сондай-ақ психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталған бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Сол сияқты Ұлан ауданында салынып жатқан жаңа облыстық психиатриялық аурухана құрылысы тақырыбы да көтерілді. Әріптесім тарқатсын...

Ұлан ауданының Жаңа Қанай ауылында 180 адамға арналған облыстық психиатриялық аурухана жұмыс істейді. Ғимараттың 1947 жылы іргесі қаланған. Қазіргі күні толықтай тозығы жеткен. Пациенттерге қызмет көрсетуде санитарлық талаптарға да сай емес. Осыған байланысты көктемде жаңа ғимараттың құрылысы басталған еді.

Жаңа облыстық психиатриялық аурухана пайдалануға берілгеннен кейін медициналық мекеменің ескі ғимараты орналасқан жер басқаша жаңартылмақ.

Сондай-ақ, кеңесте «Қамқорлық» жобасы бастамасы аясында Үлкен Нарында оңалту орталығын ашу мәселесі қаралды. Қазір Үлкен Нарын аудандық әкімдігі жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп жатыр.

Үлкен Нарын ауданы әкімдігі өкілдерінің айтуынша, балаларды оңалту орталығын келесі жылы ашу жоспарлануда. Әр түрлі аудандардан келген жүздеген кішкентай қызмет алушы денсаулығын жақсартуға мүмкіндік алады.