Тақырыпты жалғастырамыз. Мерекеге орай жыл сайын облыс орталығында домбырада ойнайтын қала тұрғындары арасында «Домбыра party» өткізу де игі дәстүрге айналған.
«Домбыра party-ге» жиналғандардың қарасы қалың. Мерекелік шараға қала тұрғындары мен қонақтары "Сарыарқа", "Ерке сылқым", "Адай", "Жастар биі", "Нәр ағашы" сияқты танымал күйлердің және басқа да көптеген халық күйлерін орындаған балалар мен ересектердің бірлескен виртуоздық ойындарын тамашалауға мүмкіндік алды.
Дәстүрлі домбыра party-ді қала әкімдігі мен қалалық жастар ресурстық орталығы ұйымдастырған. Шараға әр түрлі домбыра үйірмелеріне қатысатын 60-тан астам жасөспірім қатысты.
Домбыра патидің көрермендері мен қатысушылары мұндай іс-шара қазақ халқының мәдени мұрасы ұмытылмағанының белгісі екенін атап өтті. Осылайша, дарынды домбырашылардың өнерлері қала тұрғындары мен қонақтарына керемет көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.