10 шілде – Ветеринарлар күні. Кәсіби мерекеге орай облыс орталығында ашық есік күні өтті. Қаладағы сауда орындарының барлығында дерлік тиісті зертханалар жұмыс істеді. Сала мамандары саудагерлер мен сатып алушыларға түсініктеме жұмыстарын жүргізіп, жан-жақты кеңес берді.
Сапалы өнім –денсаулық кепілі. Сатылмға қойылған әр өнімнің адам денсаулығына қауіпсіз екенін анықтайтын мамандардың бірі – ветеринарлар.
Мал дәрігері қауіп-қатермен де жиі бетпе-бет кездеседі. Жылдың қай мезгілінде болмасын белгілі бір ауруға шалдыққан төрт түлікті ветеринарлар тексеріп, ем-дом шараларын жүргізеді.
Базарға келіп түскен ет өнімдері түгелдей ветеринариялық тексерістен өтіп, әрі қарай сатылымға шығарылады.
Сала мамандары тұрғындарға тексерістен өткен, ветеринариялық бақылаудың оң қорытындысын алған тауар түрлерін ғана тұтынуға шақырады.