Ел бойынша «Қауіпсіз жол» жедел - профилактикалық шарасы өтіп жатыр. Бастама жүргізушілер арасында тәртіпті сақтау, жол-көлік оқиғаларының санын азайту мақсатында қолға алынды. Облыстық ПД мен Өскемен қаласының тәртіп сақшылары темір тұлпарды тізгіндегендерге жол ережелеріне қатысты құқықбұзушылықты қатаң сақтауға шақырады.

 «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық шарасы 4 күнге созылады. Бұл күндері мас күйінде көлік жүргізу, жылдамдықты арттыру және қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығу сияқты өрескел істерді тәртіп сақшылары қатаң бақылауға алады.

Қазіргі уақытта патрульдік полиция батальонының жеке құрамы күшейтілген тәртіпте қызмет атқарып жатыр. Осы уақытқа дейін тіркелген құқық бұзушылық деректері бойынша әкімшілік іске тартылғандар бар. Облыстық маңызы бар жолдардың барлығы дерлік тәулік бойы бақылауда. Ал Өскемендегі тәртіп сақшылары мотоцикл, мопед тізгіндегендерді басты назарға алған.

Мотоцикл жүргізіушісі Владислав Ситников әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлігі айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжаты өзімен бірге болмаған. Нәтижесінде, көлік иесі әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің

612-бабы бойынша жауапқа тартылды. Аймақтағы тәртіп сақшылары бекітілген ережені қатаң сақтауға шақырады.