Қазақстан Республикасы мәдениет саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Ермек Көшербаевтың тапсырмасымен облыста бірқатар ауқымды шаралар легі қолға алынған. Солардың бірі - отандық фильмдер көрсетілімін іске асыру. Бұл жолы игі шара «Дарын» балалар лагерінде ұйымдастырылды.
Отандық кино көрсетілімінің негізгі мақсаты - ұлтымыздың салт-дәстүріне, тарихына назар аудару, отбасылық құндылықтар мен береке-бірлікті насихаттау, халқымыздың бай тарихы мен дәстүрін дәріптеу дейді ұйымдастырушылар.
Ашық аспан астындағы кинокеште «Дарын» лагерінінің демалушыларының назарына «Менің атым Қожа» фильмі ұсынылды.
Биыл мұнда 1700-ден астам бала демалады. Оның 700-ге жуығы ауылдан келген балғындар. Олар «Жаздық жолдама» бағдарламасы аясында лагерде демалысын өткізеді.Бастама «Қазақстан халқына» қоры арқылы жүзеге асырылып отыр.
Шара соңы би кешіне ұласты. Кинокештерді шілденің 11 мен 25-і аралығында өткізу жоспарланған.