Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен «Қазселденқорғау» мекемесінің мамандары «Қазәуеқорғау» өкілдерімен бірге Катонқарағай ауданындағы Сарымсақты өзеніне әуеден барлау жүргізді. Мұнда 2500 метрден астам биіктікте мұздың еруінен пайда болған 19 көл бар.
Сел жүру қаупі бар кезеңде «Қазселденқорғау» мекемесінің шығыстағы мамандары көлдерді жерден және ауадан бақылап, олардың жай-күйіне барлау жасады. Катонқарағай ауданындағы Сарымсақты өзені аумағындағы барлық көлдердің маңы мұз бен қардан тазартылды. Тасқын жүру қаупі жоқ.
Облыстық маңызы бар тау жағалауларында барлығы 144 морена көлі бар. Оның он үшінің он бірі елді мекендерге қауіп төндіріп тұр. Мұндай көлдердің көпшілігі Зайсан, Катонқарағай аудандары мен Риддер қаласында орналасқан.
Әуеден барлау барысында өзен-көлдердің жай-күйі зерттелді. Су жағасында орналасқан елді –мекендердің айналасына мониторинг жүргізілді. Жағдай тұрақты бақылауда.