Өңір басшысы Ермек Көшербаев Шемонаиха ауданындағы Артемьев кенішіне барды. Мұнда жылына 1,2 миллион тоннаға жуық кен жабық тәсілмен өндіріледі. Алдағы уақытта кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыратын нысан іске қосылмақ. Осы арқылы кенішті пайдалану мерзімін 2034 жылға дейін ұзартуға жол ашылады.

Артемьев кенішінің екінші кезегін салу жобасы қарқынды. Бүгінгі күні 14 шақырым тереңдіктегі тау-кен қазбалары игерілді. Аймақ басшысы мұндағы мердігер жұмысы бақылауда, жұмыс орындары да ашылғанын айтты.

Кеніштегі барлау жұмыстары 2012 жылы басталған болатын. 2018 жылы оны игеру жобасы әзірленді. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шаралар іске асырылды.

Кеншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісі де басты назарда. Жер астына таза ауа жіберуге арналған ұңғы да іске қосылды. Бұл арқылы қызметкерлерді эвакуациялауға да мүмкіндік бар.

Жобаны іске асыру үшін 500 млн АҚШ долларына жуық инвестиция тартылған.