ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының өңірлерге іссапары жалғасып жатыр. Халық қалаулылары өндіріс орындары мен әлеуметтік нысандарды аралап жүр. Шығысқа келген сенаторлар Ольга Булавкина мен Шәкәрім Бұқтұғұтов «Казцинк»ЖШС барды.Кәсіпорын қызметкерлерімен кездесіп, толғандырған мәселелерін сұрап білді.

Өскеменге ат басын бұрған сенаторлар «Казцинк» ЖШС барды. Аймақтағы ірі өндіріс орнының жұмысшыларымен кездесті. Жағдайларымен танысып, кәсіпорынның келешек әлеуеті талқыланды.

Сенаторлар облыс орталығындағы жер үйлерді электрмен жылытуға көшіру қажет деп отыр. Осылайша, атмосфераға шығатын зиянды қалдықтардың көлемін төмендетуге болады, дейді депутаттар. Олар бұл мәселені бірнеше рет көтерген. Электр энергиясына түнгі сараланған тарифтерді енгізу қажет деп те ұсыныс тастаған. Бұл бастама арқылы көмірді пайдаланатын жеке сектордың зиянды шығындыларын азайтуға болады.

 «Казцинк» ЖШС қазіргі уақытта қоршаған ортаны қорғауға бағытталған ауқымды жобаларды іске асырып келеді. Мәселен, кәсіпорын зиянды шығындыларды бақылайтын автоматты жүйені орнатты. Бұл инновация Қазақстан Республикасының жаңа Экологиялық кодексі аясында жүзеге асырылды.