Шығысқазақстан елдегі балығы көп өңірлердің бірі.Саланы дамыту үшін қажеттінің бәрі бар. Аймақта табиғи таза өнімге деген сұраныс та жоғары. Өңір басшысы Ермек Көшербаевта бұл бағыттағы жұмыстарды жетілдіру қажет деп айтқан еді. Ол үшін тың жоба ба әзірленген. Жобаға сәйкес 2030 жылға қарай облыста жыл сайын 10 мың тоннаға жуық тауарлық балық өсіру жоспарланған.

Биыл балық шаруашылығын дамытуға 189 млн. теңге көлемінде субсидия бөлінген. Бұл қаржыны өңірдегі барлық балық шаруашылығы иелері игеретін болады. Мәселен, аймақтағы су айдындарына 26 млн.ға жуық ақсақа шабақтары жіберілген.

Биыл аймақта 2 мың тонна тауарлық балық өсіру көзделген. Ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткішті 10 мың тоннаға жеткізу жоспарланған.

Балық популяциясын сақтау мақсатында жыл сайын су айдынына балық жіберу көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізіледі. Соңғы 5 жылда бұл көрсеткіш 7 есеге ұлғайды. Су айдындарына негізінен сазан, тұқы, ақ амур және ақсақа балық түрлері жіберілді.