Өскеменде көмірді сату жалғасуда. Қалалық әкімдік жыл сайын әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарға қатты отынды төмендетілген бағамен саудалауда.Бастаманы іске асыру үшін жеткізушілермен меморандум жасасқан. Биылғы баға қандай? Көмір қоры жеткілікті ме? Әріптесім анықтап көрді.
Өскеменде әлеуметтік көмірді сату жалғасуда. Қатты отынды ардагерлер, әлеуметтік осал топ өкілдері, көп балалы және аз қамтылған отбасылар төмендетілген бағамен сатып ала алады.
Өскемендегі теміржол тұйықтарының бірінде үш мың тоннаға жуық көмір бар. Алайда тұрғындар әлі қатты отынды сатып алуға асықпайтын көрінеді.
Өткен жылы Өскемендегі жеке сектордың 5000 мыңнан астам тұрғыны төмендетілген бағада көмір сатып алған. Ал биыл көрсеткіш төмендеген. Сала мамандары тұрғындарды ерте бастан қамданып, көмірді қазірден сатып алуға шақырады.