Биыл ҚР Қарулы Күштерін даярлау жоспарына сәйкес үш мыңға жуық әскери міндетті жиынға шақыртылады. Шығысқазақстанның аудан, қалаларынан 370 әскери міндетті даярлықтан өтеді. Арнайы әскери жиын 18 шілде мен 16 тамыз аралығында Абай облысындағы «Шығыс» палигонында.

Осы уақыт аралығында әскери міндеттілердің жұмыс орны сақталады. Соңғы жұмыс орнындағы жалықысына сай ақы төленеді. Ал жұмыссыз азаматтарға– мемлекет есебінен ең төменгі мөлшерде жалақы беріледі.

Әскери міндетті азаматтар медициналық коммисиядан өтіп, іріктелді. Жиынға 27 мен 45 жас аралығындағы запастағы офицерлер мен сержанттар шақырылды.

Отан алдындағы борышын өтеуге аттанғандарды қолдауға жақындары да келді.

Жергілікті әскери комиссариат ел қорғандарын игі дәстүрге сай салтанатты шарамен шығарып салды.