Жерлесіміз Фаина Мейірманова биіктікке секіруден жас сурдо спортшылар арасында әлемдік рекорд орнатты. Осылайша, Тайбэйде өткен сурдо-жеңіл атлетикадан Әлем чемпионатында тамаша өнер көрсетіп, алтын медаль еншіледі. Шығысқазақстандық спортшыны туған-туысқандары мен бір топ жанкүйері күтіп алып, қошемет көрсетті.

Тайбэйде өткен жаһан біріншілігінде ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен жерлесіміз биіктікке секіруден 20 жасқа дейінгі сурдо спортшылар арасындағы әлем рекордын жаңартты. Өскемендік бұрымды 1 метр 76 сантиметрге тең биіктікті еңсерді.