Спорт сүйер қауымға арнап 2022 жылы Ұлан ауданы Айыртау ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүзеге асырылған болатын. Бүгінде бұл спорттық кешен белсенді әрі салауатты өмір салтын ұстанатын жергілікті жастар мен ересектердің сүйікті орнына айналған.
Айыртау ауылында салынған дене шынықтыру-сауықтыру кешені спорт нысанының құрылысы 2022 жылы басталған. Сол жылдың желтоқсан айында ғимарат пайдалануға берілді. Ал 2023 жылы жергілікті атқарушы органдардың коммуналдық меншігіне өткен.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешені халықты спортпен шұғылдануға, сондай-ақ спорттық жарыстар өткізуге арналған. Кешен бірнеше спорт түрлеріне арналған. Барлық зал заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Кешенде бір уақытта шамамен 30-40 адам жаттыға алады. Бұл тұрғындар үшін өте қолайлы.
Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің әлеуметтік маңызы зор. Өйткені ол тұрғындарды тәуліктің кез келген уақытында және кез келген ауа райында спортпен шұғылдануға қолайлы жағдаймен қамтамасыз етеді.