Облыс орталығында арқан тартыстан V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр. Биыл елімізде өтетін көшпенділер ойындарында облысымыздың 14 спортшысы бақтары мен баптарын сынға салады. Олардың ішінде 12 балуан арқан тарту бойынша сайысқа түседі.
Алдағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын спортшылардың бірі - Алмас Жүніс. Ол «Арқан тартыс» ойыны бойынша командамен жарыста бақ сынайды. Спортшының айтуынша, команда жарысқа қызу дайындалып жатыр.
Оқу-жаттығу жиынының бірінші кезеңіне Қазақстанның әр өңірінен спортшылар қатысып жатыр. Спортшылардың жарысқа дайындықтарына қолайлы жағдай жасалған.
Спортшылар шығыста 18 күн бойы жаттығады. Оқу-жаттығу жиынының екінші кезеңі Ақмола облысында өтеді. Ал, қыркүйекте V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының туы Астана төрінде желбірейтін болады.