Шемонаиха ауданында сүт өнімдерін өндіру саласы қарқынды дамып келеді. Биыл Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін қолданысқа енгізу мақсатында "Рулиха" ЖШС және "Хамзин С. и Компания" сенім серіктестігінде тауарлы-сүт фермаларын салу бойынша екі жоба іске асырылуда.

Ірі жобалардың бірі "Рулиха" ЖШС жүзеге асырылуда. Тауарлы сүт фермасында сүтті мал басын 600 бастан 1080-ге арттыру ісі аяқталуға жақын. «Осындағы әрбір сауын сиыр күніне шамамен 30 литр сүт береді», - дейді мамандар.

Бүгінгі таңда шаруашылықта 60-тан астам адам жұмыс істейді. Ферма құрылысы белсенді түрде жалғасуда. Қазіргі уақытта бұзау қамайтын, серуендеу алаңдарының құрылысы аяқталды. Жем-шөп сақтайтын қойма да салынып жатыр.

Сондай-ақ, "Хамзин С. және Компания " СС 664 бас ірі қара малға арналған тауарлы-сүт фермасын салып жатыр. Жоба сомасы 3 млрд. 667 млн. теңгені құрайды. Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдаудың түрлі құралдарын тиімді пайдаланып келеді.

Учаскеде құрылыс-монтаж жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Кестеден кешігу жоқ дейді мамандар.Нысанды қараша айында қолданысқа беру көзделген.

Бүгінде Шемонаиха ауданында сүт өндірумен төрт жарым мыңнан астам ірі қара мал ұсталатын 11 тауарлы-сүт фермасы айналысады. Мемлекет ауылдық жерлердегі тұрғындарды белсенді түрде қолдайды және бизнесті бастау немесе кеңейту үшін әртүрлі гранттар беру арқылы көмек көрсетеді.