Облыс орталығында «Бірге туылғандар» атты егіздер фестивалі мен аналар шеруі өтті. Бұдан бөлек, «Өскемен жұлдызы» байқауының жеңімпаздары анықталды. Мерекелік шараларға арна тілшілері де барып қайтты.
Бірнеше егіз жұп Астана көшесінің жаңа кең жағалауына жиналып, шығармашылық қабілеттерін көрсетіп «Бірге туылғандар» фестиваліне қатысты. Аяна мен Аяла байқауға би нөмірін дайындап келген. Аналарының айтуынша, қыздар сырт келбеттерімен өте ұқсас болғанымен, мінездері әртүрлі.
Шараның мақсаты – Өскеменде тұратын талантты жастарды анықтау.
Шарада көптің көзайымы болған байқаудың бірі ол түрлі-түсті безендірілген балалар арбасы болды. Бұл номинация бойынша Гафаровтар отбасы жеңімпаз атанды.
Шығармашылық байқаудың жеңімпаздары бағалы сыйлықтарға ие болды. Көрермен қошеметіне бөленді.