Республикалық жалпыұлттық «Таза бейсенбі» акциясы аймақта жалғасып жатыр. Игі бастамадан Белоусовка аулының тұрғындары да шет қалмады. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шарадан табылды. Олар ауылдағы су қоймасын қоқыстан тазартты.

Тазалық пен тәртіпті қолдайтын азаматтар су қоймасы маңын бірнеше рет тазалаған. Игі істен шет қалмағандардың бірі - Кристина Протопопова.

Белоусовка халқы қайырымды істен шет қалған емес. Көпке үлгі, болашаққа өнеге болатын игі шараға 60-тан астам азамат жиналды. Акцияға жастармен қатар қарттар да белсене атсалысты.

Кент әкімінің айтуынша, жаз басталғалы жағалау бірнеше рет қоқыстан тазартылған.

Экологиялық акция арнайы белгіленген жерлерде кезек-кезекпен өтеді. Алдын ала дайындалған кестемен учаскелерге тазалық жүргізіледі. Себебі, шараның мақсаты-туған жерді таза ұстау. Бұқара арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, өзгеге үлгі болу.

Тазалық жұмыстары аймақтың өзге аудандарында да жалғасады. Бастама аясында өзен-көлдердің жағалауы күл-қоқыстан тазартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі.