Облыс орталығында ашық аспан астындағы кинокөрсетілім жалғасуда. Бұл жолы өскемендіктер әйгілі «Дос-Мұқасан» туралы фильмді тамашалады. Отандық туындының көрсетілімі «Нұрлы жол» саябағында ұйымдастырылды.Аталған бастама елдегі мәдениет саясатының 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Ермек Көшербаевтың тапсырмасымен ұйымдастырылды.
Жиналған қауым алдымен Абай Дәулетұлының «Ізгілік жолы» кинокартинасын тамашалады. Фильм қиын қыстау заманда елге қол ұшын созған жан туралы баяндайды.
Көрсетілім соңы аңызға айналған «Дос-Мұқасан» ансамблінің қалай құрылғаны, жүріп өткен жолы, жетістіктері жайлы баяндайтын кинотуындымен түйінделді.
Кинокөрсетілімде жас кинорежиссерлердің туындылары көпшілік назарына ұсынылды. Бастама креативті индустрияны дамыту мен қолдау мақсатында ұйымдастырлды.
Кеш соңы қала тұғындарына арналған би кешіне ұласты.