Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. Президент сөзінің басында Парламент өткен сессияда 102 заң қабылданғанын атап өтті. Олардың қатарында қоғамдық бақылауға, адам саудасына қарсы күреске, ғылым және технология саясатына, жылу энергетикасына қатысты және басқа да заңдар бар.

Президент өз Жолдауында бірінші кезектегі инфрақұрылымдық мәселелерді шешу қажеттігін мәлімдеді. Ең алдымен, оның айтуынша, бұл энергетика секторы мен коммуналдық шаруашылыққа қатысты. Жаңа буын объектілерінің құрылысына кредит берудің стандартты шарттарын қолайлы деп атауға болмайды,-деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. Үкіметке қаржы институттары тарапынан қолжетімді ұзақ мерзімді кредиттеуді қалай қамтамасыз ету керектігі туралы ойлану тапсырылды. Жыл соңына дейін энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны бекіту жоспарлануда. Мемлекет басшысы жаһандық энергия тапшылығы проблемасына ерекше назар аударды, оның аясында сенімді және экологиялық таза энергия көздеріне қажеттілік артып келеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында еліміздегі энергия тапшылығы мәселесіне тоқталды. Тек соңғы 5-10 жылда еліміздегі энергия тапшылығы бірнеше миллиард киловатқа жеткен. Бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай сағатына 13 млрдтан асуы мүмкін. Гидро және жылыту электр орталығы ең көп шоғырланған Шығыс Қазақстан облысының өзінде бүгінде 1,5 миллиард киловатт сағат электр жетіспейді. Ал елдің экономикасы неғұрлым дамыған сайын энергияға деген сұраныс та соғұрлым артады. Қазір Қазақстан жетпейтін қуат көзін көрші елдерден тасымалдап отыр. Сондықтан кәсіби энергетиктер түйткілдің түйінін тарқатудың ең тиімді жолы атом электр стансасын салу деп біледі.

Бір жыл бойы қоғам талқысына түскен Атом электр станциясын салу мәселесі жалпыұлттық референдумда ағымдағы жылдың 6 қазанда өтеді. Мемлекет басшысы бүгін тиісті Жарлыққа қол қоятынын айтты. Сонымен қатар, елдегі әлеуетті саланың бірі туризм. Ол үшін ішкі инфрақұрылымды дамыту қажет. Оған автокөлік және әуе жолдары кіреді. Бұл орайда Балқаш және Алакөл демалыс аймақтарындағы ұшу-қону жолақтары толық жаңғыртылды. Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлік өңірлерінің де туристік әлеуетін дұрыс пайдалану қажет екендігін ерекше атап өтті мемлекет басшысы. Жоғары да аталған демалыс аймақтарында сапалы жол инфрақұрылымы бар әуе бекеттері мен әуежайлар салу қажет. Осы жолдауда айтылған тағы бір дүние – су мәселесі. «Су ресурсы әлі де еліміздегі өзекті мәселелердің бірі болып қалуда. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр. Жыл өткен сайын халқымыздың саны да, экономикамыз да өседі. Бұл – қалыпты құбылыс. Сол себепті 2040 жылдарға қарай Қазақстандағы су тапшылығы 12-15 миллиард текше метрге жету қауіпі әлі де бар.

 «Әділетті Қазақстан» тек саяси, экономикалық реформалардың арқасында құрыла кетпейді. Ең алдымен сана өзгеруі тиіс. Онсыз мұның барлығы құр, бекершілік.