Аймақта қар көшкінінің алдын алуға бағытталған ерте ескерту жүйесі енгізілуде. Жоба халықтың қауіпсіздігін арттырып, таулы аймақтардағы инфрақұрылым нысандарын табиғи қауіптен қорғауға мүмкіндік береді. Арнайы орнатылған датчиктер ауа райының өзгерісін, жауын-шашын мөлшері мен топырақ ылғалдылығын бақылайды. Ал алынған деректер ахуалдық орталыққа жіберіліп, қар көшкіні қаупін болжауға жағдай жасайды.
Пилоттық жоба 2023 жылы басталған. Қазір Глубокое және Алтай аудандарындағы сынақ нәтижелері оң бағаланып, жүйе тәжірибелік пайдалануға қабылданды. Алдағы уақытта жоба өңірдің өзге де таулы аймақтарында кеңейтілмек.
Амангелді Еңсегенов, ШҚО ТЖД бастығының орынбасары:
Бүгінгі таңда ШҚО қар көшкіні…үлкен мүмкіндік береді деген ойдамыз.
Шығыс Қазақстан - қар көшкіні жиі болатын аймақтардың бірі. Сондықтан мұндай жүйенің енгізілуі өңір халқының қауіпсіздігі үшін аса өзекті. Жоба іске қосылғаннан бері бірнеше қауіпті учаскеде жағдай тұрақты бақылауда ұсталып отыр. Болашақта бұл тәжірибе республиканың өзге таулы аймақтарына да таратылуы мүмкін.
Бекарыс Секен, Анна Маципуло