Өскеменде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиын қамқорлық пен мейірім нұрын төгетін жандарды бір арнаға тоғыстырды.
Басқосуға облыстың түкпір-түкпірінен келген әлеуметтік сала қызметкерлері, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, көп балалы отбасылар, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қолдау мақсатында жиналды. Саланың үздік қызметкерлері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері», «Әлеуметтік еңбек саласының үздігі» төсбелгілерімен, Еңбек министрлігі мен облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.
Ербол Нұрғалиев, ШҚО әкімінің орынбасары:
Мынау мерейлі мерекеде жауапкершілігі жоғары және осында отырған ардагерлерге зор денсаулық табыс тілейміз. Еліміздің болашағы жарқын болсын.
Әлеуметтік еңбек саласының үздігі төсбелгісімен марапатталғандардың бірі - Айгүл Қисықова. Ол осындай сабырлы да жауапты мамандардың еңбегі қоғам үшін маңызды екендігін айтады.
Айгүл Қисықова, әлеуметтік қызметкер:
Мен бұл мамандықты жүрегіммен қаладым. Себебі менің өмірлік жолым әрбір рақмет сөзінен кейін маған сенім береді.
Әлеуметтік қызметкердің басты міндеті мейірім мен қамқорлық. Олар күн сайын қолдауды қажет ететін адамдарға көмек қолын созуға әрқашан дайын тұрады.
Аяулым Усинова, Ирина Санникова