Отбасы күніне орай өңірде ерекше шара өтті. Солнечное кентіндегі Өскемен арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында жаңа отбасы құрылды. Заңды некелерін қиғандар Қалыбек Катеев пен Людмила Кириченко.
Людмила Кириченко Зайсан ауданы, Дайыр ауылының тумасы. Ұзақ уақыт тарктор тізгіндеген еңбек адамы. Ол 2021 жылдан бастап арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында. Өз махаббатын осы орталықтан тапқан жан, бұрын соңды некеге тұрмаған.
Ал Қалыбек Катеев Ұлан ауданы, Привольное ауылының тумасы. 20 жылдан астам «Багратион» ЖШС жұмыс істеген.
Неке қию рәсімі орталық тарапынан қолдау тапқан. Салтанатты шарада орталық басшылығы, жаңа өмірдің бастамасы ретінде Қалыбек Катеев пен Людмила Кириченкоға бір бөлменің кілтін табыстады.
Неке қию рәсімінің өтуіне Назым Бақтыбаева үлес қосқан. Ол осы орталықта волонтер. Ол Людмила Кириченконың сырласына айналған. Шара соңы неке қиған азаматтардың алғашқы вальсімен қортындыланды.