Облыстағы өзен-көлдерге сирек кездесетін балықтардың шабағы жіберіліп жатыр. Ихтиолог-ғалымдардың көп жылғы еңбегінің нәтижесінде шабақтар өңірдің өзіндегі тоғандарда өсірілді. Ал ең негізгі мақсат-аймақтағы су айдындарында бұрын болмаған балықтың түрлерін көбейту.
Аналық балықтан ерте көктемде биологиялық жолмен алынған уылдырық зауыттағы арнайы акваруимда дернәсілге айналады. Шабақ болып толық жетілгене дейін тоғандарда өсіреледі. Шолпылдап жатқан мына шабақтарға үш ай болған.
2017 жылы қайта жаңғырған зауыт қазір сазан, шортан,тұқы балықатрын және шаян да өсіреді. Ал былтырдан бері сібір бекіресі мен ақ амурды да өзен-көлдерге көптеп жіберіп жатыр.
Көбейгенін көзбен көру үшін мамандар жыл он екі ай өзен жағасында. Нәтижесінде соңғы 4 жылда 5 мың тонна шабақ жіберілді.
Зайсан көліне мемлекет тапсырмасы аясында 200 мың дана сазан және 165 мыңнан астам ақ амур, ал Бұқтырма су қоймасына 190 мыңнан астам сазан жіберілді. Игі істі Күршімдегі « Бұқтырма уылдырық шашу өсіру шаруашылығы» ЖШС жүзеге асырған
Ақ амур санитарлық балық саналады. Сондықтан Зайсан көлінің фаунасы мен биоалуандығы сақталса ғана, балықтың түрі көбейетінін сала мамандары жақсы біледі.