Өскеменде Beginit Central Asia by inDrive атты халықаралық жобаның іріктеу туры өтті. Оған аймақтағы қалалар мен аудандардан келген оқушылар қатысты. Мұнда түлектер өз білімдерін сынап, ЖОО тегін білім алуға мүмкіндік алады.

Өскемен қаласында бұл шара екінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Таңнұр Еркінқызы былтыр осы жобаға қатысып, шеберлігін шыңдаған Қатысушылар бастаманың оң тұстары көп екенін айтады.

Жоба Astana Hub халықаралық технопаркінің және iQanat қорының қолдауымен республиканың 10 өңірінде өткізіледі. Бұл дарынды оқушыларға тегін жоғары білім алуға және көшбасшылық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.

Қатысушылар іріктеу кезеңінде бірнеше тапсырма орындады. Әлеуметтік көшбасшылық бойынша дәрістер тыңдады. Енді оқушылар алда жарияланатын нәтижелерді күтпек.