Өңірде елдегі энергетика саласын дамытуға қатысты атқарылатын жұмыстар бойынша ақапараттық-түсіндірме жұмыстары жалғасуда. Бұл жолы аталған саланың сарапшылары Риддер қаласына барды. Онда тұрғындар физика-математика ғылымдарының докторы Манарбек Қылышқановпен жүздесті. Қалың жұртшылық маманға көкейде жүрген сауалдарын қойды. Манарбек Қалымұлы энергия көздеріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, негізгі мәселелер бойынша егжей – тегжейлі айтып берді.