Демалыс күндері Өскеменде дәстүрлі ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтті. Өнімдер әдеттегідей нарықтағы бағадан анағұрлым төмен. Бұл жолы қала тұрғындарын сапалы өнім, қолжетімді бағамен Глубокое ауданы қуантты.

Әр сенбі сайын облыс орталығында ұйымдастырылатын жәрмеңкеге жиналғандардың қарасы қалың. Барлығы табиғи таза, қолжетімді бағадағы сапалы өнімге қол жеткізуге асық. Глубокое ауданынан 8 тоннадан астам өнім әкелінді.

Жәрмеңкеге келген тұрғындар түрлі тауардың дәмін татып, төменгі бағада азық-түлік алғандарына дән риза.

Глубокое ауданының берері жәрмеңкемен түйінделіп қалған жоқ. Келушілер үшін аудан өнерпаздары концерт ұйымдастырды.