Биыл Шемонаиха ауданының өнеркәсіп өндірісінің көлемі 123 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 102%-ға жоғары. Әсіресе өңдеу өнеркәсібінде айтарлықтай өсім байқалады. Бұл салада 30 млрд теңгеден астам өнім өндіріліп, 107%-ға артқан. Аудан әкімі Григорий Акулов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай мәлімдеді.

Осы жылы Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлінді. Дәнді дақылдардың жалпы өнімі 158 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 50%-ға жоғары. Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға шамамен 10 млрд теңге инвестиция салынып, сүт фермаларын салу және кеңейту жүзеге асырылды.

Ауданда шағын және орта кәсіпорындарға микрокредит беру және кәсіпкерлерді оқыту бағдарламалары арқылы белсенді түрде қолдау жүзеге асырылды. Нәтижесінде «Ауыл Аманаты» бағдарламасы аясында 40,4 млн теңге бөлініп, жобалар сәтті іске асса, «Бастау Бизнес» жобасы аясында 71 адам оқудан өткен. Сонымен қатар, аудан халқын салапы ауыз сумен қамту мәселесі де бір жақты етілген.

Жылдың маңызды жұмыстарының бірі инфрақұрылымдық жобалар еді. Бұл бағытта аудандық маңызы бар 10,1 шақырым жол мен 12,4 шақырым көше-жол желісі жөнделді. Ауданда 3 300 шаршы метр шұңқырлар жамалып, жоғарғы Үбі және Рулиха ауылдарындағы 3 көпірдің абаттандыру жұмыстары аяқталған. Мәдениет және спорт саласы да айтарлықтай жетістіктерге толы. Әлеуметтік салада да оң өзгерістер бар. Ауданға 6 дәрігер мен 20 медицина қызметкерлері тартылып, Волчанка ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталып, келесі жылы қолданысқа берілмек.