Қазақстан өзінің бай және бірегей табиғатының арқасында балық шаруашылығының айтарлықтай қуатты қорына ие. Бұл бағытта экспорттық әлеуеті де жоғары. Бүгінгі таңда елде мыңнан астам балық шаруашылығы субъектілері жұмыс істейді. Оларға 1646 балық шаруашылығы су айдыны мен олардың учаскелері бекітілген. Салада 11 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Ал өңірдегі бұл салада жағдай қандай? Әріптесім тарқатсын...

Балық өнеркәсібінің жалпы үш түрі бар. Олар балықты өсіру, балықты өндеу және балықты көбейтумен айналысады. Өңірде бұл бағыт қарқынды дамып келеді. Тіпті өнімдер экспортқа да шығарылуда.

Иә, мелмелкет тарапынан балық өсіру өнеркәсібіне үлкен көңіл бөлініп жатыр. Мемлекеттік бағдарламалар осыған сәйкес жоспарлануда. Ал, оларды баптау мен өсіру әр аймақтың климаттық жағдайымен тікелей байланысты.

Адам аптасына кем дегенде 150 грамм балық тұтынуы керек. Ал, Шығыс Қазақстан тұрғындары арасында йод жетіспеушілігі басым екенін ескерсек, балықты тамақ рационына қосу қажеттілігін айтпаса да белгілі.