Өскеменде 1800-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Бұл «Құқықтық тәртіп» жедел алдын-алу іс-шарасының нәтижесі. Тәртіп сақшыларының тексеріс барысымен әріптесім Бекарыс Секен танысып қайтты.
Жедел - профилактикалық шараның мақсаты, көшелер мен қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондай ақ, қылмыстық құқықбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу, сондай-ақ қала көшелеріндегі жол қауіпсіздігін қадағалауды көздейді.
Үш күндік шараның қорытындысында 1800-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 198-і ұсақ бұзақылық бойынша болса, 234-і қоғамдық орындарда мас күйде болу үшін тіркелген. Ал, 248 азамат тіркеусіз және жеке куәліксіз тұру фактілері бойынша жауапкершілікке тартылды. 12 жүргізуші, көлік құралдарын мас күйде басқарғаны үшін жазаланды.