Облыс орталығында экономикалық тергеп-тексеру департаментінің бастамасымен «Заң мен тәртіп. Көлеңкелі экономика: сын-қатерлер мен шешу жолдары» атты форум өтті. Шараға облыс әкімі Ермек Көшербаев қатысты.

Форумның мақсаты - көлеңкелі экономиканың ауқымын азайту, тиімді жоспар құрып, ұсыныстарды талқылайтын конструктивті диалог алаңын құру. Облыс әкімі Ермек Көшербаев жастардың мұндай мәселеге бейжай қарамайтынын және тақырыпты терең түсінетінін жоғары бағалады.

Департаменттің «Ең үздік әлеуметтік бейнеролик» конкурсында бірінші орынды Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттері жеңіп алды.

Биыл Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен экономикалық құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған пилоттық жоба іске қосылды.

Форумның соңында көлеңкелі экономиканың алдын алу және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруда белсенділік танытқан азаматтарды аймақ басшысы Ермек Көшербаев марапаттап, алғыс хат табыстады.