Өскеменде «Туған жер - алтын бесігім» жобасы аясында әр ауданның мәдени күндерін өткізу дәстүрге айналып келеді. Бұл жолы Глубокое ауданы өнерпаздарының қатысуымен гала-концерт өтті. Гала-концертте ауданының талантты ұл-қыздарынан бөлек, Қазақстанның халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Роза Рымбаева өнер көрсетіп, қала тұрғындарын әсем әнге бөледі.
Шарада өскемендіктердің назарына қолөнер шеберлері мен зергерлердің қолынан шыққан түрлі бұйымдар ұсынылды. Сондай-ақ, атақты фотограф Александр Исаченконың жеке көрмесі де ұйымдастырылды.
Концерттік бағдарламаның нөмірлері әр алуан. Зал ішіндегі халық қарасы мол. Күміс көмей әншілер мен мың бұралған бишілер көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Кештің көркін Қазақстанның халық әртісі, халықаралық конкурстардың лауреаты Роза Рымбаева қыздырды. Роза Рымбаева сахна төрінде «Болашақ үні», «Желаю тебе», «Ертеңіме сенемін», «Қазақ елі» сынды әндерін шырқап, жерлестерінің қошеметіне бөленді.
Шараның мақсаты «Туған жерге тағызым» акциясын ұлықтау, елге, жерге деген сүйіспеншілікті арттыру,дейді ұйымдастырушылар.