Атом электр станциясы жұмысының маңызды бөлігі – қолданылатын уран таблеткалары. Қалдықтардың болуы кез-келген шығын материалына тән қасиет. Алайда, көмір немесе жанар-жағар майға қарғанда, уран радиактивті. Сондықтан, оның қалдықтарын жою үлкен маңызға ие. Мамандардың айтуынша, реактор аз қалдық шығарады және оларды сақтау үшін арнайы орындар мен контейнерлер бар.