Әлемде энергия тапшылығы жыл сайын өсуде. Жел және күн энергетикасының көздері тұрақты емес. Ал көмірді жағу кезінде зиянды қалдықтар көбейеді. Сала мамандарының сөзінше, мұндай жағдайдан шығудың шешімі жаңа қуат көздерін салу. Ұлттық ядролық орталық қызметкерлері елде қуаттылығы жоғары, қоршаған ортаға қауіпсіз нысан өндіріс орындарының санын арттыруға жол ашатынын айтады.