Шығысқа Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров келді. Депутат облыс орталығындағы бірнеше кәсіпорынға барып, азаматтармен кездесу өткізді. Жиында елдегі энергетика саласын дамыту жайы талқыланды. Кездесуде азаматтар халық қалаулысына өздерін толғандырған сауалдарын жолдады.
Жиын барысында штаб мүшелері шет мемлекеттерде энергетика саласын дамыту мақсатында жүзеге асырып жатқан тәжірибелері турасында айтты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-де студенттермен, Үлбі металлургия зауытының қызметкерлерімен кездесті. Бұл кәсіпорын атом электр станцияларына арналған уран отынының өндірісімен айналысады.
Штаб мүшелері бұдан бөлек, Глубокое ауданындағы Прапорщиково ауылы тұрғындарымен де кездесті. Мемлекет басшысы атап өткендей қазіргі таңда елде энергетика саласын дамыту қажет. Кәсіпорындар өнідірілетін өнім көлемін арттырып келеді. Салдарынан энергия тапшылығы да байқалып отыр. Сондықтан қажеттілікті толық қамтамасыз ету үшін, энергетика саласына өзгеріс енгізу маңызды.