Өскеменде әскерден оралған сарбаздарды қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаменті мен туған-туыстары салтанатты түрде қарсы алды. Отан алдындағы борышын өтеп қайтқан азаматтардың қуанышында шек жоқ. Толығырақ әріптесім Дильназ Еркінбекова тарқатады.

Отан алдындағы борышын абыроймен атқарған 28 сарбаз Қонаев қаласынан оралды. Жас сарбаздарды туыс-туғандары мен қорғаныс істері жөніндегі департаменті шерулі оркестрдің үнімен күтіп алды.

Туған қаласына пойызбен келіп жеткен жауынгерлер ата-аналары мен жақындарының жүздерін көргенде ерекше қуанышқа бөленді.

Әскерден аман-сау оралған сарбаздар үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылды. Енді олар ЖОО-да тегін білім алып, әскери қызметті жалғастыруларына болады.