Биылғы егін жинау науқаны аяқталуға жақын. Аймақтағы диқандардың қазір жұмысы қызып тұр. Барлығы қамбаны алтын дәнге толтыруға асық. Жалпы, дала еңбеккерлерінің жұмысы қалай жүріп жатыр? Қанша гектар дәнді-дақылдар жиналды? Әріптесім айтсын

Егін егілді. Өнді, өсті. Ендігі мақсат – маңдай термен егілген азықты шашау шығармай жинап-теріп алу. Глубокое ауданында «Милейко» ЖШС күзгі егін жинау жұмыстарын жүргізуде. Шаруашылық қарамағында 35 мың гектардан астам алқабы бар «Aitas Agro» кәсіпорнының құрамына кіреді..

Егін жинау науқанын нәтижелі, қамбаны алтын дәнмен толтыру үшін не істеу қажет? Әрине ең алдымен заманауи тегеурінді техника, білікті мамандар мен жауапкершілігі мол жұмысшылар құрамы, дәнді-дақылдардың сапалы шикізаты. Сонымен қатар мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың уақытылы жүргізілуі. Әрине ауа-райының тосын мінез танытпауы да жұмыстың жүйелі жүруіне әсер ететіні сөзссіз. Сондықтан диқандар бақ пен бабың қатар жүруі керек дейді бұл жұмыста. Келер жылы «Милейко» ЖШС бұршақ алқабын ұлғайтуды жоспарлап отыр.